Қазығұрт ауданында 7 білім нысанының құрылысы қарқанды жүріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев педагогтердің қатысуымен өткен «тамыз кеңесінде» айтты.Шарада оқу жылындаға өзгерістер талқыланып, алдағы жоспарлар түзілді. Сондай-ақ, білім саласының жақсаруына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздар қауымы марапатталды.
Конференцияға келген қауым жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар мен мүмкіндіктерді паш ететін арнайы көрмемен танысты. Кәсіби қарым-қатынас алаңына жиналғандардың қарасы қалың. Аталған жиынға аудан әкімі қатысып, мұнда 7 білім нысандарының құрылысы жүргізіліп жатқандығын, ал апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелері шешілетіндігін жеткізді.
АРМАН АБДУЛЛАЕВ - ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы 68 мектеп толығымен бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етілген.Бүгінде ПД мен мектептегі бейнебақылау камераларын интеграциялау бойынша жол картасы түзіліп,68 мектептің 65-і полицияның кезекші бөліміне қосылды. Қалған 3 мектеп жаңа оқу жылына дейін толық қосылады.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазығұрттық ұстаздар Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және Облыс, Аудан әкімдерінің арнайы марапатарына ие болды. Олардың арасында , республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларда оқушылары топ жарған педагогтар, үлгілі жазғы демалыс орны, үздік инновациялық қызметті ұйымдастыру сынды аталымдар бар.
ҒАБИТ КӨПЖАСАРОВ – ҰСТАЗ - Биылғы оқу жылында жаңа Қазақстандағы мектептерде жаңашылдақ көп, соның ішінде мынау 1-сыныптарда тек қазақ тіліде оқу өте маңызды мәселе деп санаймыз.Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын 3-сыныптан басталады.Одан қала берді 5 күндікке көшіп жатқандағы оқушылардың терең білімнен гөрі тәрбиеге көп көңіл бөлінетіні. Толық ойнап, демалып оқуға құштарлығы артады деп білеміз.
Айта кетейік, білім саласында биыл бірнеше өзгеріс бар. Мәселен,балаларды ерте кәсіби бағдарлау мақсатында 1-сыныпта «Көркем еңбек» екі пәнге бөлінген – «Еңбекке баулу « және «Бейнелеу өнері». Сонымен қатар, оқу жылы1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жалпы, балалар жаңа оқу жылы 173 күні оқып, 192 күн демалады.
️