Эпидахуал тұрақталып келеді

116
14.06.2021 00:23

Елде эпидахуал тұрақталып, коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар жабылып жатыр. Осылай деп Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Соңғы айда инфекциялық және реанимациялық бөлімдерде науқастар саны  1,5 есеге азайған. Қазір Елорда ғана әлі қызыл аймақта. Сары аймақта 6 өңір бар. Олар Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары. Қалғандары жасыл аймақта. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап жасыл аймаққа кірді. Елімізде балаларға вакцина салу мәселесі қаралып жатыр.  Осы уақытқа дейін бұл жөнінде айтылмаған, себебі кішкентай бүлдіршіндер арасында коронавирус жұқтырушылар саны аз болыпты. Мамандар тіпті пандемия басталғалы балалар мен жасөспірімдер коронавируспен ауырмайды, ауырған күнде де жеңіл өтеді деп айтқан болатын. Әйтсе де уақыт өте келе бүлдіршіндер арасында вирус жұқтырғандар көбейіп, сол себептен енді оларға да вакцина салу қажеттілігі туындаған. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, Равиля Егембердиева онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінде ғалымдар Ресейде шығарылып жатқан үш вакцинаны да балаларға салуға болады деп отыр. Зерттеу жүргізген соң біздің елімізде де жас жеткіншектерге екпе салу қолға алынуы мүмкін, - деді  профессор.