Өрттен жапа шеккен саудагерлерге көмек беріледі

150
30.08.2022 04:54

Жетісайдағы базардағы өртке байланысты комиссия құрылды. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оған орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Арнайы комиссия  алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесіп үлгерді. Қазіргі таңда мәселе бақылауға алынған.