Билік өкілдері Жетісайдағы өртке қатысты ресми ақпараттарға сенуге шақырды

210
30.08.2022 04:52

Жетісайдағы өртке байланысты құрылған арнайы комиссияны басқаратын облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ала таңнан бері оқиға орнында жүр. Саудагерлермен, базар басшысымен кездесіп, мәселенің оңтайлы шешілуіне барын салуда. 

Бұл ел арасында жүрген жай блогер емес. Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, оқиғаның жай-жапсарын халыққа жеткізіп отырған облыс әкімінің орынбасарының өзі. Ашынған халықты сабырға шақырды. Оларға  барынша жағдай жасалатынын жеткізді. Жетісайдағы өртке байланысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына он адамнан тұратын саудагерлер кірді. Енді бірлесіп жұмыс жасамақ. 

Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті. Осындай қиын сәтте сатушылардың әрқайсына заңды түрде көмек көрсетілетінін жеткізді. Тіпті саудагерлердің өрттен қалған заттары қолды болмауы үшін полиция қызметкерлері де осында болуы керек екенін айтты. Бұл жағдай біздің басты назарда болады деді ол. сондай-ақ жалған ақапаратқа сенбей, шынайы, сарапталған ресми ақпаратқа сенуге шақырды.