Түркістанда жалпы 4526-і педагог бар. Олардың 4524-інің білімі жоғары. Дегенмен тамыз кеңесіне жиылғандар мұғалімдердің білімін одан әрі жетілдіру керек дейді. Өйткені, талапқа сай емес, арнайы курстан өттім деп келушілер саны көп көрінеді. Ол үшін сапалы арнайы курстар тізімін жасақтаймыз деді облыстың бас ұстазы Дінислам Болатханұлы. Түркістанда өткен тамыз кеңесінде осы және өзекті деген мәселелер қаузалды. Толығырақ тілші бейнематериалында
7 сынып оқушылары көлік айдап, тігін тігіп үйренуі тиіс. Заман талабы солай. Кеңесте Дінислам Болатханұлы осылай дейді. Мұны мектеп директорлары да қолдап отыр.
РАХИЛА ҮРІМОВА – АТА-ТҮРІК АТЫНДАҒЫ №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бала көлік айдап үйреніп шығу керек. Өйткені көшеде ерекжеге сай айдай алатын адам болуы керек.ьірден көлікке отырып кетпейді. Бірінші теориялық білім алады. Жол ережесін сақтауды үйретеді.»
Шаһарда өткен оқу жылында 1467 мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 117-сі «Алтын белгі», 106-сы «Үздік аттестат» иемденген. Сөйтіп, қала бойынша түлектердің орташа балл 79,7 болды. Ендігі жылдан бастап білім сапасы мектеп деңгейін бағалау жүйесі тестілеуден алған баллға емес, грантқа түскен оқушы санына қарап белгілі болады. Айта кетейік биыл бітіруші түлектердің 54% грант иегері атанды.
ОРАЗКҮЛ ҚОЛДАСОВА – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Айта кетерлігі, 1 оқушымыз яғни, Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейінің оқушысы Әйгерім Нұрлыбек ең жоғары мүмкін болған 140 баллдан 138 балл жинады. Сондай-ақ, Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінің түлегі Бақжан Мақсұтұлы 137 балл, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің Ерсұлтан Ерікұлы 134 балл, Т.Бигелдинов жалпы орта мектебінің Нұрайым Ергешбай - 134 балл жинағанын мақтанышпен айта аламыз».
Өткен жылдан бастап бүлдіршіндерді балабақшаға, оқушыларды мектепке қабылдауы және ауысуы арнайы жүйе арқылы жүргізіледі. Осының игілігін көріп отырған ұйымның бірі "Балдырған" бөбекжай балабақшасы. Онда 12 топта 280 бала тәрбиленуде. Осы жүйе бойынша 500 баланы қабылдапты.
САЛТАНАТ ЕСЕТОВА - «БАЛДЫРҒАН» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Балабақша қабылдау портал арқылы жұмыс жасауда. ата-аналар өздері өтініш тастап, балабақша қызметкерлері жолдамасын шығарып алады. »
«Мектепке жол» акциясы бойынша 1500-ге жуық бала демеушілер есебінен киім-кешекпен және мектеп құралдарымен қамтылды. Барлық білім ошақтарының ғимаратында әжетханалар іште ораналсқан. Сондай-ақ, мектептер мен балабақшалар көмірмен емес, көгілдір отынмен жылытылады.
️