Мақтаралдық қолөнер шебері киізден киім тігеді

327
30.08.2022 04:22

Киізден киім киіп көрдіңіз бе? Дәл осы бұйымнан Мақтааралдық келіншек киім пішіп, кішігірім кәсібін дөңгелетіп отыр. Қарапайым қой жүнін киізге, одан денеге қонымды киімге айналдыру шеберге де оңай емес екені анық. Дегенмен,экологиялық таза өнімнің адам денсаулығына пайдасы да орасан екен. 

Нұрбибі Омарова Мақтаарал ауданы, Абай ауылың тұрғыны. Соңғы 5 жылдан бері киізден киім тігіп, оны ою-орнектермен безендіреді. Көздің жауын алатын бұл коллекциялардың ішіннен іздегеніңіздің бәрін табасыз. Мұнда бастан аяққа дейінгі киім түрлері,  тағы кішкентай төсеніштер де бар. Киіз температураны қалыпты ұстап тұратын қасиетке ие болғандықтан, тігінші су сақтайтын торсықтарды да әзірлеген. Онысын сынақтан да өткізіп көріпті. 

НҰРБИБІ ОМАРОВА - ТІГІНШІ - Былайша айтқанда анау кола дегендер бар ғой иа. Мен өзім соны көрдім. Мұздатқышқа салқындатып, осыған салып қойдым. Шымкентке барғанша 2 сағат бойы сол қалпында тұрды.Шынымен де температураны ұстап тұрады екен. Мен жұртқа зат сатпас бұрын өзім жасап,білуім керек қой.

Киізден жасалған киімдер, өте жеңіл әрі жуған сайын жаңарады. Сондықтан, бірнеше жыл тоздырмай киюге болады екен. Денсаулыққа пайдасы бір бөлек. Ертеде қысы-жазы киіз үйді паналаған ата-бабамыздың тың болуы да осыдан дейді шебер.

НҰРБИБІ ОМАРОВА - ТІГІНШІ - 14-15 ғасырды айтпағанда мынау 17-18 ғасырларды көрсеңіз дала мектебі деген нәрсе бар ғой бізде.Сол дала мектебінен біздің ата-бабамыз керемет білім алған ғой. Қазір түсінбей тұрсыз жүн ғой деп. Бірақ ұят та болса айтайын бұрынғы «жетпісбай» «сексенбайлар» қазір қайда? Қайда десем 

Іскер киіз басудың заманға қарай жұмысы да азайған дейді. Бұрынғыдай жүнді жуып,түтіп отырмай Тараз қаласындағы арнайы цехтан дайын күйінде алдырады екен. Нұрбибі бүгінде түрлі тапсырыстар қабылдап, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Арасында жасаған дүниелерін қосымша көрмелерге шығаратын көрінеді.