Түркістан облысында балық өнімдерін экспорттау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, бір ғана Шардара ауданында кәсіпорындар өткен жылы 2600 тонна тауарды шетелге шығарған. Биыл бұл көрсеткішті тағы да арттыру жоспарда екен.
Шардара қазір тек Түркістан облысын ғана емес, еліміздің барлық өңірлерін балықпен қамтып отыр. Аудандағы 5 өңдеу зауыты жылына 4 мың тоннаға жуық өнім өндіреді. Оның 20 пайызы отандық нарыққа шығарылып, қалғаны шекара асады. Ал мұнда шабақ өсіру үшін 15 ірі тоған жасалған. Онда 1,5 млн дана су жануары жетілуде.
АБАЙ ҚЫПШАҚБАЕВ - ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨКІЛІ - Соңғы 5 жылда біздің мекеме балықты тек қана аулап қана қоймай, қолдан тудырып, қолдан өсіріп, ара қарай өзінің баратын жеріне дейін жіберу мақсатында жасалып, осы жерде. Биылғы жылы шаруашылықтың қуатталығы 100 тоннаға жеткізсек деген ниет бар. Биыл осы жерде 800 мың бас шабақ туылып, күзге дейін 50 грамман 200 грамға дейін размеріне жетеді. Бір жылдық өмірін сүреді. Өзге балық асыраймын дегендерге де көмек бере аламыз.
Өткен жылы ауданда 3 мың тоннадай балық өндірілген. Оның 2600 тоннасы алыс-жақын шетелдерге саудаланыпты. Бүгінде мұндағы балық шаруашылығымен айналысатын 5 зауыт шет елмен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда, Еуропа, Америка, Израиль сияқты дамыған мемлекеттен тұрақты түрде тапсырыс қабылдауда.
АЯЗХАН ЫРЫСМҰРАТ - ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨКІЛІ - Жалпы бұл жерде балықтың үш түрін өсіреміз. Сазан, талсталов, беламур, күніне балықтарға бес мезгіл тамақ береміз. Жемнің аты алянс және польшадан келетін алераква жемін береміз. 1 грамнан 150-200 грамға дейін өсіреміз. Сырдария су қоймасын шабақтандыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. 500 мың штук Шардара су қоймасына жібереміз. Қазір соған балықтарды дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Балықшыларға мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылым жеткізу бағытында қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар су жануарын өсіру жобаларына да субсидия беріледі.
️