Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды. Президент әкімшілігі мен жергілікті мәслихат депутаттарының келісімімен рухани шаһардың басшысы болып, Нұрбол Тұрашбеков жайғасты. облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жаңа әкімді қала активіне таныстыра отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Айта кетейік, Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы инженер-экономист. 2017-2020 жылдар аралығында Түлкібас ауданының әкімі, өткен жылдың мамыр айынан Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді. Ал,Түркістан қаласына тура екі жыл басшылық еткен Рашид Аюпов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Енді ол өңірдің Кәсіпкерлік, инвестиция, индустриалдық-инновациялық даму салаларын үйлестіретін болады.
️