Мектеп оқушылары жаңа кітаптармен қамтылды. Солардың бірі Жұмабек Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясының шәкірттері. Қазіргі таңда 83 сыныптағы 2 мыңнан аса оқушы толық оқу-құралдарын алып үлгерген. 1000-нан аса оқулығы жаңарып, ескі кітапты қайта жаңғыртуға өткізіпті. Оқулықтарды ата-анасы келмей бермейміз дейді мектеп кітапханашысы. Қол қойып, кітапды түгендеп алар жауапкершілікті бірінші балалар емес, ата-анаға жүктеген. Мамандар келер жылға жарамды болуы үшін барынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз дейді.
АЛТЫНАЙ ЖАЙЫҚБАЕВА – КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: « Ия барынша түсіндіріп, ата-аналарына мықтап дайындаймыз. Қазіргі таңда 2-сыныптың кітаптары 100 пайыз ажңарды. 100 пайыз толық келді».
️