Бейтаныс қызды кірпішпен аяусыз ұрған қаскөй ұсталды

234
26.08.2022 05:47

Павлодар полицейлері бейтаныс қыздың басынан бірнеше рет кірпішпен аяусыз ұрған ер адамды ұстады. Ол  27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті бойжеткеннің ұялы телефонын тартып алғысы келген екен. Алайда бұл арам ойы жүзеге аспаған. Бүгінде құзырлы органдар қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Естеріңізге салайық, оқиға 21 тамыз күні болған. Алайда жәбірленуші қылмыс жөнінде полицияға араға екі күн салып хабарлаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушы 2 тәуліктен соң құрықталды.