Ордабасылық кәсіпкер ең жылдам өсетін "Павлония" ағашын отырғыза бастады

557
26.08.2022 05:42

Әлем бойынша өсу қарқыны ең жылдам «Павловния» ағашы Түркістан облысы Ордабасы ауданында да отырғызыла бастады. Ерекшелігі –жапырағы шипалы ал діңі жихаз дайындауға  таптырмас шикізат. Бұл ағашты өсіруді қолға алған кәсіпкер жүзім егуді қолға алған. Тіпті бау бақшасын жайқалту  үшін ол шетелге барып арнайы білім алып та келген. 

Агроөнеркәсіпке үлесін қосып келе жатқан кәсіпкерлердің бірі Әбдіхалық Исаев. Ол бүгінде 50 гектар жерге жүзім, қарбыз, және жоңышқа еккен. Оған дейін кәсіпкер Түркия, Испания елдеріне барып тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп келіпті. Жүзім өсіруді осыдан соң қолға алған. Айтуынша жеміс ағашы өте нәзік болғандықтан, оған көп күтім керек. 

ӘБДІХАЛЫҚ ИСАЕВ - КӘСІПКЕР - Бұл жерде 50 гектар жер бар. 50 гектардың 10 гектарына жүзім еккенбіз. Жүзімнің басқа сорттарынан 6 тоннасын еккенбіз. Дамыски пальчик қара, ақ, Одан қаса біз шетелденде жүзімдер алдырып. Құдайқаласа жемісін береді деген ойдамыз. Дарбыз еккенбіз Тек бағбаншылық емес. Диқаншылықтыда істеп жатырмыз. Жалпы 50 гектарды жылда дамыту мақсатымыз бар.

Сондай-ақ шаруа «Павловния» ағашында өсіріп бастаған. Айтуынша, бұл ағаш жапония елінде өсіріледі. Оның ерекшелігі, жихаз және музыкалық аспаптарды жасауға қолданады екен. Сондай-ақ көміртегіні 10 есе көп жұтып, сәйкесінше оттегіні де көп бөледі. Егер жақсы қарап, күтіп, баптайтын болса, 1 жылда 3-4 метрге дейін өскін береді», – дейді кәсіпкер.

ӘБДІХАЛЫҚ ИСАЕВ - КӘСІПКЕР - Палмония өсіріп жатырмыз. 50 мың көшет. Содан кейін жоңышқа еккенбіз, асқабақ еккенбіз. Дарбыз еккенбіз Тек бағбаншылық емес. Диқаншылықтыда істеп жатырмыз. Жалпы 50 гектарды жылда дамыту мақсатымыз бар.

Кәсіпкер Жүзім шаруашылығын қолға алған кезде мемлекет тарапынан қолдау тапқандығын айтады. Бүгінде өлкеде Әбдіхалық Исаев секілді шаруасын дөңгелетіп жатқан азаматтар саны аз емес. Іскер, әрі білімді азаматтарды қашанда қолдауға дайынбыз дейді сала мамандары.

БӨКЕЙХАНОВ УӘЛИХАН-ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ - Қазір ауылымызда 200 гектардан астам қарқынды бауымыз бар. Солардың бірі мына балкәусәр ЖШС көріп отырғандарыңыздай. Бұл бауды соғатын кезде 25% шығынын мемлекет қолға алған. Бұл бау жалпы тамшылатып суғару әдісімен суғарылған.

Ауданында одан өзге бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Әсіресе «Бір алқаптан екі өнім алу» және жаңа технологияны ендіру тәсілі бойынша 42 га жерге көкөніс, бақша және жүгері дақылдары егілді. Нәтижесінде диқандар бірінші кезеңнен 310 тонна өнім алған.