Кентауда зияткерлік сайыс өтті

353
26.08.2022 05:03

Кентау қаласында "Intelect Battle" зияткерлік сайысы өтті. "Көзқарас " белсенділер ұйымның ұйытқы болуымен өткен шарада қысқы және көктемгі сайыстардың жүйріктері анықталған. Бұл жолы жазғы маусымның жүлдесі сарапқа салынды. Әрбір маусым сайын қатысушы командалар саны артып келеді. 

Зияткерлік сайысқа алыс жақын аудандардан, Түркістан мен Кентауды қоса есептегенде 17 команда қатысты. Сайыс негізгі жеті кезеңнен тұрды. Бірінші айналымда қазақ әдебиеті, тарих, салт-дәстүрді қатысты сұрақтарға жауап берді. Әрбір кезең өткен сайын қатысушылар белсенділік таныта білді.  

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ БАСШЫСЫ - Дәстүрлі түрде өтетін сайыстың бұл жолғы ерекшелігі барлық қатысушылар мен қазылар алқасы ұлттық киім киіп келді. Ой додасына қатысқан әр ұжым жеңістен үмітті болды. Алқалы жиынды сөз алған Кентау қаласының су жаңа әкімі Жандос Қалмырза қатысушыларға сәттілік тіледі. 

ЖАНДОС ТАСОВ - КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - Алдымен сайысқа қатысушы барлық командаларға өз алғысымды білдірем. Дәстүрлі түрде өтетін бұл сайыстар кеңінен етек жайып келеді. Сөзімізге дәлел қатысушы командалардың саны. Бұл жолғы білім бәйгесінің негізгі ерекшелігі және басты шарты ұлттық нақыштағы киімдер. Сұрақтардың барлығы Қазақтың тарихы, әдебиеті және салт дәстүрі туралы. Жастардың бойында ұлттық рухты сіңіру негізгі мақсатымыз.

Десе де барлық кезеңдер бойынша оқ бойы озық келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған "капитандар" құрамасы жеңіске қол жеткізді. "Intelect Battle " жобасының осылай жазғы маусымы өз соңына жетті. Бұл жолы бағы жанбаған ұжымдар келесі яғни қысқы маусымда тағы да бақ сынасамыз деп тарқасты.