Түркістан облысы Келес ауданының 345 мың гектардан аса жері бар. Соның ішінде ауыл шаруашыдығына пайдаланылатын жер көлемі 236 мың гектарды құрайды.Өңірде жылдан жылға суармалы егістік көлемі де артып келеді. Мәселен, Біртілек ауыл округіне қарасты Абай ауылының шаруалары алхоры жемісін егіп, толағай табысқа қол жеткізіп отыр.
Келестік шаруа Абдуали Мырзараев алқоры өсіруді жолға қойған. Ол жемістің көшетін 9 жыл бұрын Қазығұрт ауданынан әкеліп отырғызыпты. Содан бері өнім көлемі жыл санап артқан. Қазірде жемісті тек облыс көлеміне таратып қана қоймай, шетел асырады екен. Келісін 100 теңгеден саудалайтын шаруа жақында ғана 20 тонна алхорыны Ресейге жөнелткенін айтады.
АБДУАЛИ МЫРЗАРАЕВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ - 9 жылдан бері өсірем осыны. Жылына 1 рет обрезка жасаймыз. 2021 жылы 87 тонна өнім алдық. Оның бәрін ресейге арттық. Енді биыл 100 тоннадай береді деп отырмыз.
Кәсіпкердің қарамағында алхорыдан басқа жылыжай да бар. Биыл онда алдымен қызанақ еккен. Күзге қарай бұрыш пен кәді отырғызбақ. Осылайша жылына бір жылыжайдан бірнеше өнім алады. Мұндағы күтіп-баптау жұмыстарын 5 жұмысшы дөңгелетіп отыр. Науқан кезінде 25-30 адамға дейін еңбек күші жалданады.
НИЯЗБЕК ЕРГАШОВ – ЖҰМЫСШЫ - Биыл міне 25 соттыққа перец ектік.8 мың көшет ектік. Тамшылатып суарамыз.1 түптен 1 жарым кг аламыз.Енді бұйырса қаңтарда тереміз. Бағасын көре жатармыз енді 500-1000 теңге арасында. Әр жылы әр түрлі болады бұл.
Айта кетейік Біртілек ауыл округінде 3520 гектар егістік жер бар. Оның 100 гектарына бақша ағаштары отырғызылған. Мұндағы шаруаларға мемлекеттік субсидия ретінде 120 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай мен тыңайтқыштар берілген.
️