Мақтааралдық шаруа жүзім егіп, мол өнім алуда

425
25.08.2022 04:08

100 тонна жүзім. Бұл мақтааралдық шаруаның биылғы жылы алған өнімі. Яғни 13 гектарлық алқаптан осынша өнім алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер Бахадүр Нуфтуллаев  бір алқаптың өзінде 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол жүзім шаруашылығынан өзге бірнеше істі меңгерген. Мақта егу мен қауынды ата кәсіпке айналдырған. 

Мақтааралдық шаруа 2019 жылдан бері жүзім егеді. Былтырғы жылдың өзінде 13 гектарлық алқаптан 10 тоннадай өнім алған. Бүгінде 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шығыс шықпай кіріс болмайды деген ол 10 млн шығын шыққанын жасырмады.  

БАХАДҮР НУФТУЛЛАЕВ – ШАРУА - Биыл Құдай қала 100 тоннадай өнім аламыз деп отырмыз. Қазір артқанымыз кишмиш сорт. Ризамарт бар, тайфи бар. Дамский палчк. 5 сортты еккен едік. Енді сұранысқа ие осылар ғой. Кишмиш сорты қазір. Басқа сорты піскенше. Соларды егіп Құдай қаласа Россияға жібереміз. 

Бүгінде мұнда жүзімнің 5 сұрпы егіледі. Себебі, дәл осы түрлері сұранысқа ие екен. Аталған шаруа қожалық жүзім көшеттерін Сарыағаш ауданынан алып келген. Өнімді егіп, баптау бір бөлек. Ал оны нарыққа шығарудың да өзіндік әдісі бар екен. 

МАЙРАМ ҚУАТОВА – ЖҰМЫСШЫ - Жүзімге келіп, үзіп жатырмыз. Коропкаға саламыз. Сортировка. Мынау піспегенін, мейіз болғандарын соларды тазалап кейін коробкаға аламыз. Әдемі болады. базарный вид қыламыз да жібереміз. бала шаға де пшығады мына жастардың барлығы. Мен басқарамын осылардың барлығын. 

Бүгінде бұл шаруа қожалық жүзімнің келісін 300-400 теңгеден саудалауда. Өнімдер ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Одан өзге, Ресей мемлекетіне де экспортталады. Жалпы аудан бойынша 4597 гектар егістік жер бар. Оның Оның 911 гектарына бақша дақылдары егілген.