Жетісайлықтар қауын экспорттап пайда көруде

274
25.08.2022 04:01

Биыл Жетісай ауданында 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Дегенмен Жетісай десе, ең әуелі тәттілігі тіл үйірер қауынның еске түсері сөзсіз. Мұндағы диқандардың басым бөлігі ерте көктемде қауын-қарбыз егіп, ішкі нарықты қамтамасыз етуде. Өнімдер одан өзге, Ресей, Польша, Беларусь  мемлекеттеріне де экспортталуда. 

Бұл Жетісай ауданына қарасы Қазыбек би ауылдық округі. Мұндағы тұрғындардың негізгі күнкөрісі диқаншылық. Бүгінде мұнда 1000-ға жуық шаруа қожалық бар. Олардың басым бөлігі мақта, бақша дақылдарын егеді. 

НҰРБОЛСЫН ОРАЗБАЕВ - ҚАЗЫБЕК БИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ - Гектар жер бар жалпы округ бойынша. Оның ішінде 5215 гектары мақта, 1434 гектар бақшамыз бар. Оның ішінде 246 гектар кленка астындағы 60 гектар қарбыз бар. 434 гектар көкөністердің жалпы гектары. 646 гектар жүгеріміз бар. 22 гектардай күріш бар. Жалпы егілген дақылдар осы.

Жетісай ауданы бойынша 79 мыңнан астам егістік алқабына ауыл шаруашылық дақылы егілді. Оның басым бөлігіне алқапты мақта өнім берген. Қазыбек билік шаруалар қауынның қорабын 1700 теңгеден өткізеді. Өнімдер ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге қауқарлы. Одан өзге, көршілес Ресей, Беларусь, Польша мемлекеттеріне экспортталып жатыр. 

НАБИДОЛЛА КӨЛІКБАЕВ – ДИҚАН - Өзіміз диқанбыз. Құдай қаласа шілде айының бірінші несін бастап, қауын әкеліп тапсырып жатыр. Каробкасын 1700 ден сатып жатырмыз. 00/29 Күніне 1 фура жібереміз. Әр фурада 1400-1450 корабкадан атқарамыз. Қырғызстанның жігіттері қабылдап жатқан. Біз соларға өткіземіз. Құдай қаласа биыл жаман емес. 

Жалпы аудан бойынша, 453 мың тонна бақша дақылдары жиналған. Одан өзге, 80 мың тоннаға жуық көкөніс өнім берген.