Созақтық шаруалар ерекше "жылан қауын" өсірді

1039
25.08.2022 03:55

Созақ ауданында қауынның ерекше сорты өсірілуде. Қауынның ұзындығы 1,5 метр, ені 7 см. Басы жыланға ұқсайтындықтан жемістің бұл түрін шаруа «анаконда» деп атапты. «Алғашқыда жапырақтардың арасынан көргенде жылан екен деп ойлап қалдық – дейді олар. Содан күрек пен кетпенді қолына алып, жапырақтарын бір шетке ысырып жәймен ашып қараса, кәдуелгі қауынды көрген.  Бұл қауынның табиғи түрде будандасқан сорты. "Бір түпте үш түрлі тармақ болса соның екеуінде баспалды қауын, біреуінен «жылан қауын шыққан. Шаруа ерекше сортты қауынның 5 данасын тапқан. Оған ауыл тұрғындары қызығып, үйлеріне алып кетіпті. Айта кетейік, шаруа 5 жылдан бері қауын-қарбыз өсіріп келеді. Биылда 2,5 га жерге қарбыз, 1 га жерге қауын егіп, мол өнім алды.