Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Тамыздың 27-28 күндері болатын шараға облыстың дихандары тауарларын тиеп жолға шықты. Айта кетейік Елорда да сатылатын барлық азық-түлік нарықтағы бағадан 20% төмен саудаланады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген көліктер Нұр-Сұлтан қаласына аттанғалы тұр. Мұнда барлығы 478 млн теңге болатын 500 мың тонна астық бар. Дихандар облыстың әр ауданынан жиналған. Елордада өтетін жәрмеңкеде кәсіпкерлер азық-түлікті арзан бағада сатуды жоспарлап отыр.
НҰРБОЛ БЕКМҰРАТОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Шаруалардың жинаған өнімдерін тікелей өткізу мақсатында, Және алдымызда келе жатқан конституция күніне орай, Елордада 27-28 ші тамыз күндері. Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін болады. Жәрмеңкеге көріп тұрғанларыңыздай 40 автакөлік жолға шығып отыр.
Сала мамандарының айтуынша биыл шаруаларға қолайлы жыл болды. Ағын су тапшылығы аса сезілмеді. Ауа райы а дихандарға қарасқандай. Сондықтан да өнім көлемі өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Сондай-ақ аймақта тамшылатып суғару әдісінің, бір алқаптан 2-3 өнім алу бастамасының жолға қойылуы да оң серпін беріпті.
ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ - САЙРАМ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Біздің мақсатынымыз мақсатымыз жәрмеңкені өткізу. Неге бағаны арзан сатамыз деген ой келеді ғой. Ауа райына байланысты.Биыл суымызда жақсы аудан бойынша 16 куб су шығып жатыр. Су жақсы болса, бағасы жақсы болады. Соған байланысты жемістердіңде бағасы арзан болады.
Сондай-ақ өңірде мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Мәселен биыл 123,8 мың тонна ет, 492 мың тонна сүт өнімдері өндірілген. Ал, жұмыртқаның 152 млн данасы нарыққа шығыпты. Олардың бірсыпырасы Елордадағы жәрмеңкеде саудаланады.
️