Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

206
24.08.2022 08:59

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев «Алтын Қыран» орденімен наградталсын, – делінген Жарлықта.