Ашық-шашық жатқан жарық трансформаторы Түркістандық тұрғындардың үрейін туғызып отыр. Олар балаларымыз абайсызда жоғары кернеулі жабдықты ұстап, жаза баса ма деп уайымдайды. Бұл Ақан сері көшесінің тұрғындарын алаңдатқан жалғыз сауал емес екен. Толығырақ әріптесім тарқатып берсін.
Бұл «Отырар» мөлтек ауданына қарасты Ақан сері көшесі. Осы маңдағы тұрғындарды алаңдатып отырған бірнеше мәселе бар. Алғашқысы ашық-шашық жатқан жарық трансформаторы. Кейінгісі көшенің үстіне орнатылған газ реттегіш жәшік. Тақтайдай тегіс жолда зулаған жүргізушілер бір күні қондырғыны қиратып, жазым бола ма деп алаңдаулы жұрт.
ӘБІЛҚАЙЫР ЕРГЕШБАЕВ - АҚАН СЕРІ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ - Мынау труба бар ғой труба. Сол газдың трубасы. Соны 2 м бері қарай жылжыту керек. Сосын мынау латоктарды туырлап қойып берсе, сосын кішкене көше кеңейеді. Одан кейін мына машина. Машиналарға лежащий полиция қойып берсе, әйтпесе знак қойсын.
АБДУӘЛІ АЗИЗОВ - АҚАН СЕРІ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ - Авария болған жағдайда газ өшкен ерунда өрт болады ғой. Тура трассаның бойында ғой. Көрмей жүргенде көріп жүрміз ғо. Прям жолдың үстінде каз. Мұнда біздің көшедегі шаферлар біледі, басқа жақтанк елген адам білмейд. Бұрын тупик тұғын. Ешқандай машина жүрмейтін. Балаларды шығара алмайсың көшеге. Алып отырасың. Жәй жүр десең өзіңе қарай тоқ қылад.
Көше тұрғындарының шағымын тыңдауға жауапты мамандар келді. Олардың айтуынша, құжат бойынша бекітілген газ жәшігінің орны осы екен. Сондықтан, әзірге бұл орнатылған құбырлардың орнын ауыстыру мүмкін еместігін жеткізді.
АСЫЛЖАН ШАЖАЛЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ - Ахан сері көшесінде жүргізілген газ құбыры бойынша көше тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2018-2019 жылы құрылыс жұмыстары жүргізілген.жобаның сметалық құжаттары әзірленген кезде мемлекеттік экспертизаның оң сараптамасы алынып,құрылыс жұмыстары бекітілген жоба бойынша жүргізілген.қазіргі таңда оны ауыстыруға мүмкіндік жоқ. енді қарап көру керек,ауыстыр десе ауыстырармыз. Бірақ жақын арада деп айта алмаймын.
Тар көшеге жол белгілерін қою үшін көше тұрғындары жиналып арнайы мекемеге өтініш жазуы керек екен. Хош,енді мына қараусыз қалған жарық трансформаторының жәйі не болмақ? Мамандардың сөзіне сенсек, ескі трансформатор ауыстырылғанына көп болмапты. Тұрғындар басталған іс аяқсыз қалды деп отыр. Өйткені,Айналасы қоршалмаған. есіктері ашық-шашық жатыр. 10 кв күші бар трансформаторға балаларымыз жақындап кетіп, жазым бола ма деп қорқады.
ДІЛШАТ ИБРАГИМОВ - АҚАН СЕРІ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ - Мына трансформатордың жанынан балдар мына паркке өтед ойнауға. Сол кезде мынаның бәрі ашық. Қанша рет бала-шағаны қудық. Баланың аты бала ғой, қашанға дейін қарай береміз. Анау ашық бәрі. Бір күні ұстаса, тоқ тартып өлед ана жерде. Соны қадағалап ананы жабу керек па или басқа нәрсе қылу керекпа.
Отырар секторының меңгерушісі жаңа трансформаторлардың бұрынғыдай қоршалмайтынын айтады. Бұл қондырғылардың қауіпсіздік жағы алдын ала есептелген екен. Алайда, есіктерінің ашық-шашық жатқаны желдің салдарынан болуы мүмкін дейді маман.
НҰРЖАН ЖҮНІСОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ «ОТЫРАР» СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ - Мына трансформаторға келер болсақ,бұл табиғаттың келеңсіздігіне байланысты есіктері бұзылған. Тиісті мекмелерге хабарластық. Қазір бастайды жұмыстарды 2 күнде бітеді.
Айта кетейік, жалпы «Отырар» секторына қарасты 150-ге жуық жарық трансформаторы бар. Оларды мамандар жылына 2 рет тексерістен өткізіп,қадағалау жүргізетін көрінеді.
️