Қазақстанда бензин мен дизельдік отынның 2 аптаға ғана жететін қоры қалды. Бұл жөнінде энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Оның сөзінше, АИ-92 маркалы бензиннің қазір 180 мың тоннасы бар. Ал дизель болса 220,8 мың тонна қалыпты. Қазір бензин бойынша жанар-жағармай бекеттерінде ахуал тұрақты. Алайда дизель отына қатысты мәселелер туындап тұр. Қазір бірқатар бекеттерде сату бойынша шектеулер қойылған. Министр мұнай өңдеу зауыттары отынды қажетті мөлшерде өндірсе де логистика жағынан қиындықтар туындап отыр, дейді. Осы ретте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақстан темір жолы" компаниялары мен жауапты мемлекеттік орган басшыларына жағдайды қалыпқа келтіруді жүктеді.
️