Биыл мал азығынан тапшылық болмайды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырсында осылай деді. Сөзінше, биыл былтырғыдай қуаңшылық жоқ. Жауын-шашын да жеткілікті мөлшерде жауған. Қазірдің өзінде 21 млн тонна шөп дайындалды ал, биыл 18 млн тонна астық жинау көзделген болатын. Қазір егін алқабының 13 пайызы жиналды. Дегенмен, үкімет басшысы артта қалып келе жатқан Маңғыстау және Атырау облыстарына көңілі толмайтынын айтып, сынға алды. Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге қар астында қалдырмай диқандарды қажетті дизельмен қамтып, оларға жан-жақты қолдау қажет – деді.
ӘЛИХАН СМАЙЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ - «Үкімет қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Енді тек жұмыс істеу ғана қалып тұр. ....Екіншіден, ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісім-шарт корпорациясымен бірлесіп, қыс мезгілінде фермерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жем-шөп қорын уақтылы жасақтау шараларын қабылдасын әрі олардың бағасы тұрақты болуы тиіс. Үшіншіден, жанар-жағармайдың бағаларын бақылау және тапшылығына жол бермеу жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясын құруды Роман Васильевичке тапсырамын».
️