Келес ауданында жаңа мал сою бекеті іске қосылды

332
24.08.2022 07:54

Келес  ауданы, Қошқарата ауылдық округінде жаңа мал сою бекеті іске қосылды. Жобаның жалпы құны 40 млн теңге. Өз қаражатына салған жас кәсіпкер Азамат Ерланұлы бастаған ісін ұршықша иіріп отыр. Осылайша жерлестерін де жұмыспен қамтамасыз еткен. Енді кәсібін кеңейтуді көздеген кәсіпкер қызметкерлер санын көбейтемін дейді. 

Бұл Келес ауданындағы жаңадан ашылған мал сою бекеті. Күніне 10 аса ірі қара малды сойып, базарға өткізеді. Орталық шет елден алып келген жаңа технологиялармен жабдықталған. Жалпы алаңы 3 гектар жерді алып отыр. 

АЗАМАТ АЛТЫНБЕК -  «ААЕ» МАЛ СОЮ БЕКЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Айына шамамен 60-70 мал соямыз. Барлық жағдай жасалған. Стандартқа сай мол сою бекеті. Бізде  Келес ауданында бір базар бар. Бізде ғана ет саатын жер бар. Келестіктер бізден ет алып жейді».

Мал сою бекетінің құрылысы 2018 жылы салына басталды. Сүйтіп биыл қолданысқа берілген. Әр шаруаға 4500 теңгеге ірі қарасын сойып береді. Ол үшін 15 жылдық тәжірибесі бар қасапшылар жұмысқа алынған.    

ТІЛЕГЕН ШЫҢҒЫСБЕКОВ – ҚАСАПШЫ: «Осы жерде сиырлар алып келеді,мен соны соямын. Соятын апараттарымыз бар. Сол жерден осы жерге холодильникке алып келеміз. Осы жерде жағдайлардың барлығы жасалған. Салқындық барлығы сақталған,еттер айнып кетпейді. Күнінен 10-13 мал соямыз».

Бекетте бордақылаған төрт-түлік етін арнайы зертханадан тексеруге өткізеді. Алдымен ірі қараның дене қызуын тексеріп, ауру-ауру еместігін анықтайды екен. Бақылау жұмыстарынан кейін тазалығы жайында арнайы анықтама береді. Ол құжатсыз бірде-бір базарға ет кіргізілмейді дейді зертханашы

ДАРАЖА СЫРБАЕВА – ЗЕРТХАНА ПУНКТ МЕҢГЕРУШІСІ: «Мал союға келген малдың денсаулығын тексереміз. Температурасын қараймыз. Содан кейін біздің рұқсамызбен мал сойылады. Мал сойып жатқанда тағы процессіміз жүреді. Ішкі органдарын сойып жатқанда өзіміз жүреміз. Одан соң зертханаға алып келіп қосымша тексерулер жүргіземіз. Біздің жұмысымыз сол. Біздің рұқсатымсыз мал сойылмайды».

Мал сою бекетінің иесі енді мал базар ашуды көздеп отыр. Өз күшімен құрылсын да аяқтап қойған. Енді ішкі жұмыстары бітсе, іске қосылмақ.