Пластик бөтелкеден комбайн щеткасын жасайтын шебер кәсібін дөңгелетуде

453
24.08.2022 07:50

Жетісай ауданы, Жылысу ауылының тұрғыны Қозыбай Ашековтың әу баста ермек қылып бастаған ісі бүгін пайда әкелетін кәсіпке айналды. Өнертапқыш ешкімге қажеті жоқ пластик бөтелкелерден мақта теретін комбайнның щеткасын жасайды. 

Шегебұрағыш, құрылыста қолданылатын жылытқыш және кеңсе пышағы. Жылысулық Қозыбай Ашеков осы құралдарды пайдалана отырып пластик бөтелкелерді қажетке жаратып отыр. Пандемия кезінде үйге сыймаған ол кір жаятын мықты жіп жасамақ болады. 

ҚОЗЫБАЙ АШЕКОВ - ӨНЕРТАПҚЫШ - Бұл басында бұл коронавирустан шыққан нәрсе, мен өзім такси істедім ғой, таксовать етіп жүреміз совхоз бен Жетісай арасы, жолды жауып тастады ғой. Сонымен таксовать ете алмағаннан кейін үйде жатқан бір баклашкадан жіп шығарайын, басқа қылайын деп ермек қып кір жаятын жіп шығарғам бірінші. 

Қозыбай шығарған пластик жіптің мықтылығын көрген бір танысы мақта теретін комбайндарға щетка жасауға кеңес береді. Білмегенін ғаламтордан қарап, өнертапқыш ұлымен бірге осы іске кіріскен. Зауыттан шыққан щетканы үлгіге ала отырып, үй ауласында дәл осындай детальдың көшірмесін жасай бастайды. 

ҚОЗЫБАЙ АШЕКОВ - ӨНЕРТАПҚЫШ - Бұның қызметі мына полядағы мақтаны шпиндель бүйтіп жинап алғаннан кейін сол шпиндельдегі мақтаны бункерге қарап тастайды. Вентелятор ауа сорып жатқан жерге мына мақтаны сол жаққа қарап лақтырады. Мынадай жұмсақ болып қалған щетка болса, қалыңдау мақта мынадан өтіп кетіп қалады. Ол қайтып далада қап кетеді. Анау шала терді деген әңгіме болады да сонда. Мынаны енді қазір айтып жатқандары алғандардың сіздікі өте таза тереді екен. Өте жақсы, бірен-саран көсектер кетіп қалғанның өзінде де бункерге лақтырып жібереді екен деп. Содан кейін мына қылшығы үзіліп шығып кетпейді екен. 

Қолдан жасалған щетка зауыттікіне қарағанда әлдеқайда мықты болып шыққан. Комбайншылар өзі сапалы әрі бағасы арзан дүниені бір-бірінен естіп, өнертапқыштың клиенттері көбейіпті. Қозыбай Ашеков өзі жасап отырған щетканы комбайыншылардың ұсынысымен одан әрі жетілдіріп келеді. 

ҚОЗЫБАЙ АШЕКОВ - ӨНЕРТАПҚЫШ - Южно-корейскийде арасына сым қояды екен ғой. Сосын ана комбайнерлар келіп олардың арасында сымы бар, мынау шығып кетуі мүмкін дегеннен кейін, біз де сым қойдық. Енді бұл эжно-корейский емес, таза қазақский болды. Южно-корея сәлем айтатын болды. 

Ендігі мақсат – дәл осы щетка шығару ісін кеңейтіп, қосымша адамдарды жұмыспен қамту. Мақта өсіп, комбайндар жұмыс істеп тұрғанда өз тауарына сұраныс арта түсеріне Қозыбай Ашеков сенімді.