Отырарлық зейнеткер ауылына көпір салып берді

246
24.08.2022 07:44

Отырарлық зейнеткер игі іске мұрындық болды.84 жастағы Ақтөбе ауылының тұрғыны Әжекбар Қорғанбеков көпір салып, елдің алғысына бөленді. жаңа көпірдің лентасын қария мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев қиып, алғашқылардың бірі болып үстімен жүріп өтті. Осында тұратын отыздан аса отбасының 60-қа жуық балалары осы өткелден өтіп мектепке барады. Бәрінен бұрын  баласының қауіпсіздігі үшін алаңдап  келген ата-аналардың уайымы сейілді. Зейнеткер  көпірді салу мәселесі көтерілгенде қарап отыра алмағанын айтады. Бұл  туған елге деген азаматтық парызым – дейді.