Медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада басталды

246
24.08.2022 07:42

Түркістан облысында медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада басталды. Бұл ел Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жалпы сайысқа өңірдің барлық аудан қаласынан 500-ге жуық ақ халаттылары қатысуда. 2 күнге созылатын тартысты дода туралы тілші материалында. 

Спорттық бәсекеде 15 аудан қаладан 500-ге жуық ақ халаттылары бақ сынауда. Солардың бірі созақтық  Ғали Сәрсенбав. Өңірлік ауруханада қаржы есепшісі қызметін атқаратын ол сайысқа сақадай саймыз дейді. Жалпы додаға Созақ ауданынан 40-қа жуық медицина қызметкері келген. 

ҒАЛИ СӘРСЕНБАЕВ – СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПШІСІ - Жалпы депаратмент басшыларына осыны ұйымдастырып отырғандарына рақметімізді айтамыз. Жылда болып отырса қанекей. Нұр үстіне нұр болар еді. Қатысушыларға барлығына сәттілік, өзімізге жеңіс тілейміз. Жақсы барлығы. Командалар жақсы дайындалып келген сияқты. 

Шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Сондай ақ, салауатты өмір салтын сақтау. Тартысты бәсекеде спорттың 5 түрі қамтылған. Атап айтқанда, кіші футбол, волейбол, үстел теннисі. Одан өзге, жүзу мен бильярд ойындары да бар.  

НАЗЕРКЕ ИСМАИЛ - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Бұл жарыс биылғы жылы алғаш рет өтіп жатыр. Әрине жылда мед.қызметкерлері күніне орай жылда өткізуші едік. Осы жолы орны алған командалар Жамбыл облысы, тараз қаласында өтетін спартакиадаға жолдама алатын болады. Ол жаққа барып өзіміздің өңіріміздің намысын қорғайды. Аталған спартакиадаға 3 қаладан 12 ауданнан мед қызметкерлері қатысуда. 

Жеңімпаздарға арнайы жүлде қоры да қарастылған. Оларға өңірлік дене шынықтыру басқармасы тарапынан мақтау қағазы мен медальдар табысталатын болады. Сондай ақ, 1- орын алған команда Тараз қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алады.