Ғылым және жоғары білім министрлігі ұлттық университеттерде оқу бағасы көтерілетіні туралы ақпарат бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы 1 қыркүйектен бастап ұлттық университеттерде оқу бағасы өспейтінін ресми мәлімдеді.
"Бірінші қыркүйектен бастап Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының мәлімемесіне сай, ешқандай да оқу бағасы көтерілмейтінін мәлімдейміз. Яғни, баға былтырғы деңгейде қалады. Осы нұсқауды универсиеттердің бәрі қабылдады.
Шын мәнінде жекелеген университеттерде мемлекеттегі белгіленген инфляция деңгейіне байланысты дифференциация болды. Бірақ ол белгіленген инфляция деңгейінен асқан жоқ. Мұның бәрі бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Жалпы кез келген университетте оқу ақысының көтерілуі немесе төмендеуі директорлар кеңесінің шемімімен, құрылтайшылардың шешімімен ғана іске асады. Сондай-ақ, ол бойынша бір ай немесе бір күнде емес, бірнеше айда шешім шығады. Себебі олар нарықтағы жағдайды, студенттердің төлем қабілетін, университеттің даму стратегиясын елеп-ескере отырып шешім қабылдауы керек", – деп түсіндірді ведомство өкілі.
️