Ауылдағы Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселесі қаралуда

404
22.08.2022 10:06

Ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы кенжелеп қалған. Сала мамандары осылай дейді. Қоғамның дамуы үшін маңызды құрылымның ісін өрге бастыру үшін ауқымды тірліктер атқару қажет. Бүгін Түркістанда білікті мамандармен осы мәселе  кеңінен талқыланған жиын өтті. Шара Шымкент қаласынан басталған  «Вarcamp 2022 Шымкент-Түркістан» жобасы аясында өтіп отыр.

Жалпы Түркістан облысында қағаз жүзінде 500-ден астам қоғамдық ұйым бар екен. Ал іс жүзінде оның нақты 5/1 - і ғана жұмыс атқарады. Ьүгінгі семинарға облысқа қарасты аудан қалалардағы сол ұйымдардың белсенділері мен жетекшілері қатысты.  Айта кетейік, семинар екі бағытта өтті. алдыңғысы  Жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытудағы ҮЕҰ-ның рөлі», ал екіншісі «халықаралық ұйымдармен  өзара байланысы арқылы  тұрақты дамуы» деп аталады. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, осы бағыттағы толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.

АНАР ІЗДЕН - ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «АЗАМАТТЫҚ  АЛЬЯНСЫ» ЗТҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Еркінбай Шалтан Шапағат қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Бірнеше жылдан бері мүгедектігі бар азаматтарға қолдау білдірумен айналысады. Ол үшін өз қаражатымен , тағы демеушілерді тартып арнайы орталық салған. Осы мекеменің арқасында бірнеше жан аяғынан тік тұрып, құлан таза айығып кеткендер де бар. Бүгін семинарға қатысып, осы жобаны одан әрі дамыту туралы кеңес алды. Оның айтуынша мұндай семинарлардың берері мол. 

ЕРКІНБАЙ        ШАЛТАН – «ШАПАҒАТ» МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - Бүгінде барлық деңгейдегі әкімдіктер тарапынан жергілікті атқарушы биліктің жұмысын қадағалайтын қоғамдық кеңестер құрылған. Олардың жұмысы халық пен билікті ортақ мақсатқа жұмылдырады. Сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдар да белсенділік таныту керек. Сонда ғана Азаматтық қоғам өз ұстаным билікке жеткізе алады. 

ИНАРА НАМАЗБАЕВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ  "АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС" ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ - Семинар түс қайта форуммен жалғасты. Оған  Америка Құрама Штаты, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан Республикаларынан қонақтар келді. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы үшінші сектор әлемдік трендтер бағытында дамып келеді.

БАНУ НҰРҒАЗИЕВА  -  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Жиында сөз алғандар мемлекеттік басқару жүйесіне қоғамдық қауымдастықты араластырмай түйткілді мәселелерді шешу мүмкін емес екенін айтады.. Азаматтық Альянстың басқосуы осындай мәселелердің басын ашып, ортақ мәміле мен ұсыныстарды талқылап, билік органдарына өз талаптары мен жобаларын ұсыну.