Сенаторлар арнайы іссапармен Қазығұрт ауданына барды

310
22.08.2022 08:56

Қазығұрт ауданына сенаторлар  Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев жұмыс сапарымен келді. Ондағы негізгі мақсат аудандағы ауылшаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстардың жай күйімен танысу. Олар өңірдегі  ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің біріне ат басын бұрды.  «Бірлік» өндірістік кооперативінің алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.        

ӘЛИ БЕКТАЕВ -  ҚР  ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ  ДЕПУТАТЫ - Ауыл шаруашылығы  див.проц. өет маңызды бағытқа айналып отыр. Себебі біріншіден табысты көтеруге өте маңызды. Одан кейін ауыл шаруашылық өнімін көбейтуге өте маңызды. Құнарлығын сақтау үшін өте маңызды. Сондықтан ауыл шаруашылығында қорықпай дев.көбірек көңіл бөлуіміз керек

Аудан көлемінде соңғы  10  жылда  алма баудың  көлемі  604 гектарға жеткен.  Бүгінде бұл өндірістік кооперативте жүздеген аудан  тұрғыны жұмыспен қамтылған  Қазіргі таңда бақша дақылдарынан 500 тоннадан артық алма жиналған. Өнімдер отандық нарықтан өзге, Ресейге экспортталып жатыр. 

БЕКЖАН ҚАЛЫБЕКОВ -   АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ - Биылғы жылы биылғы өнім Аллаға шүкір жаман емес. құдай қаласа 120 гектардан биыл 3 мың тоннадан астам өнім аламыз деген ниетіміз бар. Қазіргі таңда 500 тоннадай өнім жиналып үлгердік. 04/27 Ал қазір алма көбейген соң баға түсе бастаған соң қалада біздің қоймамыз бар. Сол қоймаға алып барып, қалған 2 жарым мың тоннаны жиямыз деген жоспарымыз бар.