Отырар ауданында спортшылар марапатталды

454
22.08.2022 08:26

Биыл Отырарлық үшін жүлде жауған жыл болды. байрақты бәсекелерден аймақтағы спорт саңлақтарының қоржыны бос қайтқан емес. Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде жеткен жетістіктер сараланды. Аудан намысын қорғап жеңіс тұғырынан көрінген үздік спортшылар мен жаттықтырушылар  марапатталды. Ересектер арасында волейболдан IV Түркістан облысының Спартакиадасында ІІ орын алған Отырар ауданының қыздар командасы  бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал, шағын футболдан «Көктем-Жаз 2022» Түркістан қаласы ашық біріншілігінің А лигасында «Отырар Шытты» командасының бағы мен бабы қатар шауып жеңіс тұғырынан көрінді. Олар өздеріне берілген кубокты аудан әкіміні табыстады.