Әліпбек Шәріпбекұлын еске алуға арналған турнир жеңімпаздары марапатталды

270
22.08.2022 08:21

Түркістан қаласының дамуына елеулі үлес қосқан Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті. Кіші футбол мен волейболдан өткен жарысқа облыстың әр өңірінен келген 34 команда қатысты. Бәсеке қорытындысы бойынша Бірінші орынды «Шалқар» футбол командасы жеңіп алса, екінші орынды «Шаңырақ», ал үшінші орынды «Алло пицца» командасы еншіледі. Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріліп, үздік ойыншылар да құр алақан қалмады.  

БОЛЫСБЕК ӘБДІБЕКҰЛЫ, ӘЛІПБЕК ШӘРІПБЕКҰЛЫНЫҢ БАУЫРЫ – Биыл бастау алған іс шара келесі жылы мен ойлайм халықаралық деңгейде өтетін шығар деген ағамыз лайықты азамат. Түркістан жұрты үшін жаңағы айтып жатырмыз ғой «Ер есімі ел есінде» деп. Сондықтан біздің ағамыздың есімі біздің Түркістан жұртына, барлығына таныс. Бұл үлкен іс шара болды.