Елімізде кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

272
18.08.2022 05:33

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Түркістан облысында байқалды – 50,1 пайыз. Сондай-ақ, Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.

Кеңсе тауарларының бағасы Жамбыл облысында қатты көтерілген жоқ. Дегенмен, 1,2 пайызға өсім тіркеліп отыр.

Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері – 14,1, шарикті қалам – 13,2, түрлі-түсті қалам жинағы – 12,1, дәптер – 12, А4 қағазы – 10,6 пайызға қымбаттады.