Әзербайжан астанасында Алматы күндері атап өтіледі

381
18.08.2022 05:20

Баку тұрғындары мен қонақтары 18-26 тамыз аралығында "Welcome to KZ" ақпараттық-туристік орталығының жұмысы аясында Алматы облысының мәдениеті және табиғи байлықтарымен танысуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Nur.kz. 

"Біздің облысты шетелдік көрмеде таныстыру – үлкен мәртебе. Алматы облысы – сұлу табиғатымен ғана емес, бай мәдениетімен де танымал өлке. Көрме қонақтары жергілікті туризмнің ерекшеліктерімен танысып, көшпенділердің бүркітпен аңшылық жасау секілді төл өнері туралы көбірек ақпарат ала алады", - дейді Алматы облысы Туристік ақпарат орталығының өкілдері.