Түркістан облысында 2011 жылы салынған мектеп апатты жағдайда тұр. Бір ауданның өзінде 2 нысан осындай күйде. «Аманат» партиясының республикалық қоғамдық кеңес отырысында депутат Ғалымжан Елшібай білім саласындағы біршама мәселеге тоқталды. Ол өз сөзінде, Төле ауданы Қостөбе ауылындағы мектеп пен осы аудандағы Қанар білім ошағының жағдайы мәз еместігін айтты. Депутаттың айтуынша, ол бұл түйткіл жайлы бірнеше рет қаузаған көрінеді. Десе де, одан бері 3 ай өткен. Нәтиже болмағанына ашынған қоғамдық кеңес төрағасы бұл білім ошақтарының апатты мектептер тізіміне неге әлі енбегінін сұрады.
Мұның алдында білім басқарма басшысына барып көруге айтқанмын. Ол кісі баруға уәде берген. Соңғы рет бұдан 1 апта бұрын аманат партиясының жиынында да жазылып алынған. Бірақ апатты мектептердің тізімінде бұл мектеп тағы да айтылмай тұр. Мектеп апатты мектеп деп қорытындысы 23 майда шыққан. Одан бері 3 күн өткен жоқ, 3 апта өткен жоқ, 3 ай өтті. Неге бұл апатты мектептер тізіміне кірмей тұр?
Мәселе тізімде емес. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы осылай деді. Біз бұл білім ошақтарының жағдайынан хабардармыз. Әлі де нақтылау жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Бұдан өзге, басқарма басшысының өзі өңірде білім сапасы бойынша жағдай мәз еместігін айтты.
ДІНИСЛАМ БОЛАТҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Ол апатты мектептердің ішіне ол қосылмағанмен біз ол мәселені білеміз. Және соны жөндеу бойынша ең бастысы нәтиже емес па? Тізімге қосу ол проблема емес. Оның үстіне оның апатты екеніне қатысты анықталатын мәселе бар. Мәселсіне келген кезде біраз мәселе бар екендігі рас. Мынау 20 сыншы 19шы жылдар бойынша білім сапасы бойынша Түркістан облысының рейтингісі өте мәз емес жағдайда.
️