Түркістан облысындағы сұйытылған мұнай газын қолданатын мыңдаған тұрғын көгілдір отынсыз қалуы мүмкін. Өйткені, өңірде аталған отынға қатысты күрмеуі тарқамаған бірнеше мәселе бар. Алғашқысы сұйытылған газдың облысқа бөлінетін көлемі нақты қажеттілікке сәйкес келмейді. Сандарды сөйлетсек, облыстың ай сайынғы тұтынатыны жаз айларында 13 мың тоннадан асады. Алайда іс жүзінде маусым, шілдеде 10 мың, тамызда ғана жоғарылап 12 мың тонна Түркістанның еншісіне тиген. Бұл тұрмыстық баллон тұтынатын 374 елді мекен тұрғындары мен 47 мыңнан астам газбен жабдықталған көлік құралдарына жетпейді. Осыған байланысты сала мамандары Петро Қазақстан Ойл Продуктс серіктестігінде автогаз тасушыларды толтыру жүйесін қайта іске қосу қажет дейді. Жағдай қазір жауапты сала мамандарының тікелей бақылауында.
СӘКЕН ДАЛИЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Түркістан облысындағы автогаз құю бекеттеріндегі сұйытылған мұнай газының бағасы 1 литр үшін 60-65 теңгені құрайды. Облысқа сұйытылған мұнай газы «ПетроКазакстан Ойл Продактс» ЖШС заводының берілуде. СМГ бекітілген жеткізу жоспарына сәйкес тамыз айында Түркістан облысына 12 141 тонна жеткізу жоспарланған.
️