Түркістан облысында жалған номермен жүрген жүргізуші ұсталды

367
18.08.2022 04:18

Жол ережесін бұзбасам да айыппұлдар арта түсті. Сарыағаштық тұрғын осылай деп облыстық полиция департаментіне хабарласқан. Тиісінше көлік нөмірін басқа біреу тағып жүруі мүмкін екенін айтқан. Құзырлы орган өкілдерінің тексеруі нәтижесінде ақпараттың растығы расталды. Белгілі болғандай, Мерседес маркалы көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірдегі 1 әріпті өзгертіп, басқа әріпті жабыстырып қойған. Сол сәттен бастап оның айыппұлдары өзіне емес, сарығааштық тұрғынныңн атына шығып отырған. Қазіргі таңда, аталған оқиғаға қатысты  әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды. 

СӘБИТ БАХТЫҒАЛИЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - Аталған автокөлікке патрульдік полиция қызметкерлері жолданып, тоқталыпы тексерілді. Осы факт бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 590 бабы бірінші бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін жалған мемлекеттік нөмір таққан 30 дан астам жайттар анықталды.