Жетісайда 80 шақырым жол жөнделеді

148
18.08.2022 04:01

Жетісайда 80 шақырымға жуық жол жөнделеді.Дәлірек айтқанда, Жылы су, Мақталы, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендеріндегі 38 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, бүгінде оның 20-сы қолданысқа берілді.Одан бөлек тағы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын көше құрылысына 416 млн теңге бөлініп, пайдалануға тапсырылды.Келесі кезекте 13 шақырым жолды жөндеу жоспарда.Сонымен қатар 17 шақырым қара жолға тас төселді.8 көшенің жанынан 8,8 шақырым аяқжол салынған. Жұмыстар "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзеге асуда.Сондай-ақ, Елді мекендердегі 2 көше қиылысына бағдаршам қойылып, Жетісай қаласында 6 бейне бақылау камерасы орнатылды.