Қазығұртта оңалту орталығы ашылды

162
18.08.2022 03:55

Қазығұрт ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру орталығы балалар жылына орай  ашылды. Бүгінде орталықта тума кемтар балаларға қызмет көрсетеді. Мәселен Рашида Үсенқұлова баласын осында әкелген. Екі үш айдың ішінде әжептеуір оң өзгеріс бар дейді. Ол мамандардың жұмысына ризашылығын білдіріп, алғыс айтуда.  

Оңалту орталығы қоғамның әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жалғасы. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік және моральдық қолдауға бағытталған. Мекеме басшысының айтуынша мұндай жаттығулар мүгедектігі бар балаларды ынталандырып, олардың тәуелсіздігін қалыптастырады. Өзін өзі бағалауды, қажетті моториканы үйлестіруді, денені дамытуға және жетілдіруге бағытталған физикалық қасиеттер мен қабілеттерді арттырады.