Мемлекеттік бюджеттің 31 млрд теңгесі игерілмеген.Бұл туралы Қр Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.Министр қаржының игерілмеу себептерін шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, төлем шоттарын кеш ұсынылуымен байланыстырды.Сондай-ақ Жамаубаев қаржы игерілмеу білім және ғылым, ішкi iстер, қаржы және төтенше жағдайлар министрліктерінде орын алғандығын атап өтті
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-ҚАРЖЫ МИНИСТРІ - Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,7%-ке, республикалық бюджеттің шығысы – 99,6%-ке, жергілікті бюджеттердің шығысы 98%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 10 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілді. Атқарылмау 41 млрд теңгені құрады, оның ішінде 10 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 31 млрд теңге
️