Биыл 48 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

313
17.08.2022 04:39

Білім күні 48 мектепте алғашқы қоңырау соғылмайды. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептері саны бойынша көш басында - Батыс Қазақстан облысы тұр. Онда 12 білім ошағы дайын емес. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оған басты себеп - күрделі жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаған. Министрдің сөзінше, осыған ұқсас жағдай Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында тіркелген. Ондағы білім ошақтарын жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін созылуы мүмкін екен. Осыған орай министр әкімдіктер оқыту процесін ұйымдастыру үшін уақытша сабақ өткізетін орындарды анықтауы тиіс деді.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ  ҚР ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРІ - Жаңа оқу жылына дейін елімізде 81 жаңа мектеп ашу және тағы 213-ін толық жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында және Атырау, Алматыдағы бірқатар мектептегі жөндеу жұмысының мерзіміне дейін аяқталмай қалу қаупі бар.