Солтүстікте қыстан шығу Оңтүстіктен қарағанда жеңіл. Мемлекеттік бағдарлама арқылы Түстікке қоныс аударған Түркістандық Салтанат Дүйсенбаева осылай дейді. Жас ана мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыс тауып, су жаңа баспанаға ие болған.
Салтанат Дүйсенбаева 3 баланың анасы. Жолдасы екеуі мұнда жылдан аса уақыт бұрын қоныс аударған. Алғашында бұл жердің қытымыр қысынан қорыққанымыз рас дейді олар. Бірақ, құрғақ суық қымтанып жүрсеңіз әлекке салмайтын көрінеді. Өңір орманға бай болғандықтан, жылуға да көп қаржы жұмсамайды екен.
САЛТАНАТ ДҮЙСЕНБАЕВА – ҚАРАТОМАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Мұнда алты ай қыс болады. Жаз бойы осындай аққайындарды үйге жинап аламыз. Қыста тек осы ағаштың жылуымен шығамыз. Көмір жағып керек емес. Жалпы есептегенде 70-80мың теңге қыстан шығатын отынға жетеді...
Солтүстік Қазақстан облысы шағын көлдер мен өзендерге бай. Сондықтанда мұнда құс асырау тиімді кәсіп. Салтанат та мемлекеттен қайтарымсыз гранд алып, қаз өсіруді қолға алған. Бұл қосымша табыс көзі ғана. Жас келіншектің өзі аудандық лабораторияда жұмыс істейді. Ал, күйеуі көшіп келген уақыттан бері жеке шаруашылықта механик.
САЛТАНАТ ДҮЙСЕНБАЕВА – ҚАРАТОМАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Негізі өзімізді жерде менде жұмыс болды. Бірақ, квартирада жүріп шаршадық. Мұнда өзіміздің үйіміз бар. Ешқайда көшіп-қонып жүрмейміз. Үйіміз қыста жыллы, жазда салқын. Өзімізге ұнайды.
Дәл қазір Аққайын ауданында қоныс аударушыларға арнап салынған 4 үй бос тұр. Сонымен қатар жеке шаруашылықтармен білім беру ұйымдарында бос жұмыс орындары бар екен. Мамандар көшіп келуге ниетті жандарды осы үйлерге жайғастырып, жұмыспен толық қамтимыз деп отыр.
ЕРЖІГІТ ҚОЖАБЕКҰЛЫ – АҚҚАЙЫН АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - Ауданымыз ауыл шаруашылық саласымен айналысатын болғандықтан бізде егістік алқаптар мен мал ұстау алаңдары көп. Сол жерлерге камаз жүргізушісі, механик, тракторист, электрик сынды мамандар қажет. Жалақысыда жақсы...
Иә, расында Түстікке қоныс аударып, бос жүрген ешкімді көрмейсіз. Бәрініңде өз тіршілігі бар. Бастысы олар өз әрекеттеріне өкінбейді. Керісінше Солтүстікке көшкен қазақтардың саны арта берсе екен дейді.
️