Орта Азия волонтерлері Түркістанда бас қосты

452
17.08.2022 04:30

Түркістанда орталық азия волонтерлар форумы жалғасуда. Еріктілер еліміздің 10 облысынан және 2 көрші мемлекеттен келген. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен бастау алған іс-шараға 200-ден астам ерікті қатысып жатыр.

Түркістанды көруге ең белсенді волонтерлер жиналған. Олар рухани астанадағы сапарын қаладағы «сапар» орталығынан бастап, көне қаланың кішірейтілген жаңа көрінісімен танысты. Осыдан соң, Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етті. Тарихи мекенге алғаш табан тіреген жастар толқынысын жасыра алмады.

Форум әрі қарай «Жастар ресурстық орталығында» жалғасын тапты. Мұнда белсенділер «уақыт капсуласы» қағазына өздерінің 2072 жылға арналған ұсыныс-тілектерін жазды. Болашаққа қалдырған хаттарында олар алдағы 50 жылда жер бетіндегі әр бір адам волонтер болса деген тілек білдірген.

Жалпы 14 жасқа толған еңбекке бейім кез келген жасөспірім волонтер бола алады. Қазірдің өзінде 15 жастан асқан еріктілердің саны әлемде 850 миллионнан асады. Аталған форумға да көбінесе жас волонтерлер іріктеліп алыныпты. 

Айта кетейік, форумға қатысып жатқан қазақстанның 10 облысы мен қоса 4 мемлекет еріктілері 2 өңірге бөлінген. Бір топ түркістан облысында болса,екінші топ  бурабай ұлттық паркінде жиналған. Ендігі кезекте екі топ елордада кездесіп, іс-шара 19-тамызға дейін жалғасын таппақ.