Мемлекет қарызы өскен

98
09.06.2021 15:05

Окоптан шығатын кез келді! Осылай деген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін денсаулық сақтау министріне шүйлікті. Ол Алексей Цойға адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланыс орнатпай, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асуға кеңес берді. Сондай-ақ бюджеттің орындалуы талқылау кезінде, мемлекетіміздің сыртқа қарызы бекітілген межеден асып кеткені белгілі болды. Енді  осы шетелден негізсіз қарыз алған шенеуніктер жазалануы мүмкін екен. Үш сағат бойы мәжілісте сөз болған мәселелер Нұркен Қалижанұлының репортажында.