Мақтаарал ауданында "Жетіген" спорт кешені ашылды

278
17.08.2022 04:15

Түркістан облысында жаңа спорт кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына сенатор Әли Бектаев қатысты. Сондай ақ, зиялы қауым өкілдері мен белсенділер бар. Жаңа нысан Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында орналасқан. Жаңа залда бір уақытта 500 ден астам бала спорттың төрт түрімен тұрақты айналыса алады.

Мырзакент ауылында бой көтерген спорттың кешені – Жетіген деп аталады. Жалпы аумағы мың шаршы метр. 520 орынға есептелген. Жаңа нысанның ашылуына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевтың өзі арнайы келді. Одан өзге, партия тарапынан сайланған мәслихат депуттары мен партия белсенділері бар. 

ӘЛИ БЕКТАЕВ – «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Осы спорт кешенін жастарға салып, бітіріп кешенді жөндеуден өткізіп, мынау спорт ұйымдарын алып, жастарға сыйлап отыр.  Бұл біздің болашағымыз. Ең бірінші барлық нәрсе денсаулықтан басталады. Егер жастардың денсаулығы жақсы болса, экономикамыз да өркендейді, әлеуетіміз де артады.

Мұнда спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Атап айтқанда, дзюдо, бокс, еркін және қазақша күрес түрлеріне арналған залдар қарастырылған. Спорттық кешенді салуда меценат Абзал Ермаханұлының септігі мол. Ол туған ауылына арнап осындай нысан салуды көптен бері ойлап жүрген екен. Бүгінде тың идеясы жүзеге асып, біршама баланың жаңа нысанда жаттығуға мүмкіндігі болды. 

БЕКАРЫС СМАЙЛ – ЖАС СПОРТШЫ - Біз бұдан алдын колледжде жаттығатын едік. Жетіген спорт кешеніне көшкеннен кейін бұл жақтағы жаттығу құралдардың барлығы бар. Маған осы жақта жаттыққан ұнады. Мен еркін күрестен Қазақстанның атын танытатын Олимпиада чемпионы болғым келеді. 

Партия жүзеге асырып жатқан жобаның негізгі мақсаты ауылды дамыту. Осы уақытқа дейін еліміз бойынша 60-тан астам іс-шара өткізілді. Шара барысында 120-дан астам ауылдық елді мекен қамтылған.