Жыл соңына дейін ветеринариялық мамандардың жалақысы 60% - ға дейін көтеріледі

214
16.08.2022 09:01

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ветеринарлық сектор жоғары білікті жас мамандарға тапшы. Сондықтан, 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап республика бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарифтерді көтеру есебінен мемлекеттік аудандық ветеринариялық стансалар мен ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарының жалақысы орта есеппен 33,4% - ға өсті. 2022 жылдың соңына дейін одан әрі  ұлғайту жоспарланып отыр, - деді ол.