Бір балаға өзгелер 100 мың, Аймағамбетов 35 мың жұмсаған

392
16.08.2022 06:20

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық үшін бір баласына қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

35 мың теңгеге жуық ақша кетті. Костюмі мен шалбарын және көйлегін алдым. Glassman деген дүкен бар. Егер сіздерге керек болса, әрине. Кезекте адамдар көп болды. Кезекке тұрып, өлшемін келтірдім. Ол мектепке баратын бір балам, - деді Асхат Аймағамбетов.