Жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтің жолы кесілді.Тарқатып айтсақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жасанды ішімдік өндіретін 3 жасырын цех анықталды.Олар заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.Тінту кезінде 5 жарым мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық тәркіленді.Сондай ақ, 6 жарым мың бөтелке арақ пен 24 мыңнан аса заттаңба бары анықталды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ – ҚР ҚМА БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ - Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық – процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
️