Түркістанда Орта Азия волонтерлерінің форумы өтті

371
16.08.2022 04:00

Түркістанда Орталық Азия волонтерлері форумының ашылу салтанаты өтті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды “Еріктілер жылы” деп жариялаған еді.Сол уақыттан бастап Қазақстанда қайырымдылықтың қадірі артты.Себебі оған дейін ел арасында еріктілерді еріккендер деп де атағандар болды.Рухани астанада өткен кезекті басқосудың ерекшелігі қандай?Толығырақ тілшіміз айтып берсін. 

Форумға жалпы саны 200 ден аса ерікті қатысты. Олар 10 аймақтан келген. Өз елімізден өзге, айыр қалпақты ағайындар мен Өзбекстан өкілдері бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған шара “әлемдік кафе” форматында өтті.

ГҮЛБАРА СҰЛТАНОВА – ҚР АҚДМ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Екі күн осныда болады. оның ішінде воркфоп болады. волонтерский акциялар болады.  неше түрлі акциялар іс-шаралар болады. Оның негізгі мақсаты тәжірибен сараптау қандай тенденциялар бар, қандай мәселелер бар соны шешу. Енді нағыз инсатива біздің орталық Азия волонтерлік  қабын ұйымдастыру. 

Еріктілер еркін форматтағы жиында өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай ақ, білім беру, экология, медицина және өзге де бағыттар бойынша ойындар ұйымдастырылды.  Сан өңірдің волонтерларының басын біріктірудегі негізгі мақсат – бір-бірімен етене аралсу. Одан өзге, басқосу барысында түрлі идеялардың пайда болуына мүмкіндік болмақ. 

ШИРИН АБИДОВА – ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВОЛОНТЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ –  Мен бұл форумға Өзбекстан Республикасынан келдім. Еріктілер деген бұл кішкене отбасы. Бүгінде бұл шағын отбасының ауқымы кеңейді деп айта аламын. Мұның дәлелі бүгінгі өткіп жатқан Орталық Азия волонтерлар форумы. Еріктілер үшін қай елсің, қандай ұлтсың маңызды емес. маңыздысы жасаған жақсылық жүректен жүрекке жетсе болғаны. 

Ал форумның екінші күнінде қатысушылар өңірлердегі волонтерлік жобалар туралы баяндайды. Сондай ақ,18-19 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында 200-ден астам делегат бас қосады. Онда ТМД бойынша панельдік сессиялар және пікірталас алаңдары өткізілмек. Айта кетейік, бүгінде елімізде волонтерлік ұйымдар мен топтардың саны 3 есеге, тұрақты еріктілер үлесі 4 есеге артқан.