Түркістанда «Рrosport» медициналық орталығында ашық есік күні өтті.Алғашында спортшыларға арналып ашылған мекеме енді барлық қала тұрғындарына да қол жетімді болмақ.Заманауи нысанда қандай қызмет түрлерін алуға болатындығы жөнінде әріптесім толығырақ айтып берсін.
«Рrosport» медицина орталығы Олимпик спорт кешіні ғимаратының 600 шаршы метр аумағында орналасқан. Заманауы жаңа технологиялармен жабдықталған орталықта жалпы 17 қызметкер жұмыс істейді.Оның 13-і шет елдерде және Алматы,Нұр-сұлтан қалаларында өз біліктіліктерін арттырып келген дәрігерлер. Бұл мамандардың қатары жақында гинеколог, лор, көз және тіс дәрігерімен толықпақ.
МЕРЕЙ ТОЙШЫБАЙ – «PROSPORT» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - біздің дәрігерлеріміз түрлерін айтады, массаждың түрлерін айтады.
Орталықта өткен ашық есік күніне келгендердің қарасы қалың. Өйткені осы күні қызметтердің барлығы да жеңілдетілген бағамен көрсетілді.
ТҮГЕЛБАЙ АЛДАЖАНОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Мына мед центр ашылып жатыр деп келдік. Өзім кардиологқа келдім тексерілуге. Мына отдых күні ел үйінде демалып жатқанда уақытқа да ыңғайлы, бағасы қалтаға да жеңіл екен.рақмет
Сондай-ақ, аталған орталық емделушілерге тамыз айының соңына дейін 70%-дық жеңілдік жасауды жоспарлап отыр.
️