Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды

316
15.08.2022 14:46

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президентке алдымен қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығының іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа орталықтың қызметі – емделуге жолдама берілген әрбір қазақстандыққа ортақ. 

 

️