Түркістандықтар құрғақшылықтан зардап шегіп отырған маңғыстаулық шаруаларға құрамы дәруменге бай жоңышқа шөбін жеткізді. Жүк көлігіне тиелген жоңышқа аудан орталығындағы ауылдарға қолжетімді бағамен таратылып жатыр. Қазір жемшөп еліміздің басқа өңірлерінен де әкелініп жатыр екен. Айта кетсем, биыл Маңғыстау облысында құрғақшылық күшейіп, шаруа қожалықтарына қатты әсер еткен. Жауын-шашынның болмауы, тасымалданатын азықтың жетіспеуі, аймақтағы аптап ыстық малға күтім жасауға кері әсерін тигізуде. Жыл басынан бері өңірде 1400-ге жуық жылқы, қой, түйе қырылып қалған.
️